Қазақстанда тағы 4 адам коронавирустан көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың үшеуі ер адам, біреуі әйел адам

Фото: ашық дереккөзден


Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Бүгін көз жұмған адамдар туралы дерек төмендегідей:

Қарағанды облысында - 1964 жылы дүниеге келген ер адам,
Атырау облысында - 1964 жылы дүниеге келген ер адам,
Атырау облысында - 1951 жылы дүниеге келген ер адам,
Нұр-Сұлтан қаласында - 1951 жылы дүниеге келген әйел адам.

Осымен елімізде COVID-19 вирусының салдарынан барлығы 48 адам қайтыс болды.