10.04.2025, 14:20
Оқиғалар
Ақмола облысында дәрігерге жаман сөз айтқан адам қамалды
Оқиға Жақсы ауданында болған
Сурет: ЖИ: © freepik.com
Ақмола облысы Жақсы ауданының соты дәрігерге балағат сөз айтқан адамның ісін қарап, оны бес тәулікке қамады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Облыстық соттың мәліметіне сүйенсек, күдікті азамат аудандық аурухананың қабылдау бөліміне келген. Мас күйдегі ол фельдшерді балағаттаған. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзу хаттамасы арқылы және өзге де материалдар арқылы дәлелденді», - деп хабарлайды Ақмоал облысының соты.
Жақсы соты бұл адамды бұзақылық жасады деп танып, оны 5 тәулікке қамады және оны үш ай бойы бақылауда ұстайтын болды.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 20:18
4 қазанда бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды