Заң бұзу фактісін прокуратура анықтаған
Қаражал ауданының прокуратурасы Жәйрем кентіндегі «Балдырған» балабақшасын тексере келе, бухгалтердің заңсыз әрекетін әшкерелеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, есепші бюджет қаражатын жымқыру үшін қызметкерлердің есепшоттарына артық жалақы аударып отырған.
«Осылайша ол 15,9 млн теңгені артық аударған. Қаражал қалалық соты оны Қылмыстық Кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағы бойынша кінәлі деп тауып, шартты түрде 8 жылға соттады. Ол сондай-ақ он жыл бойы қаржы саласында жұмыс істей алмайды», - деп хабарлайды прокуратура.