Қарабұтақта 84 жастағы қария жоғалып кеткен: оны түгел ауыл түні бойы іздеді

Автор: Бақыт Шынар

Құтқарушылар оны 9 сағаттан кейін тапты

Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауылында 1941 жылы туған қария мал іздеуге шығып, үйіне оралмаған, деп жазады Azattyq Rýhy.

ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, түнде үйінен шыққан атаны құтқарушылар 9 сағат ішінде іздеп тапқан.

«Оны құтқарушылар мен полиция, сондай-ақ ауыл адамдары іздеді. Жедел шаралардың арқасында іздеу тобы оны тапты. Қария дәрігерлерге жүгінген жоқ», - дейді ТЖМ баспасөз қызметі.