Екібастұздағы жылу құбырының астынан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Бақыт Шынар

Оның денесін көшеде кетіп бара жатқан адамдар тапқан

Фото: depositphotos.com

Екібастұз қаласындағы жылу трассаларының астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Адам өліміне қатысты бұл фактіні Павлодар облысының полиция департаменті растады. Адамның мәйіті жылу құбырының дәл астында жатқан. Әзірге өлім себебі белгісіз.

«Мәйітте зорлық-зомбылықтың ізі жоқ. Оның өліміміне қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды полиция департаменті.