Оқиғаның видеосы желіде тараған еді
Балалар үйінің тәрбиеленушісін ұрып-соққан көлік жүргізушісі жазасыз қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Atyrau ONLINE телеграм арнасына сілтеме жасап.
Атыраудағы «Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар үйінің көлік жүргізушісі 15 жастағы жеткіншекті ұрып-соққан. Алайда оның үстінен қозғалған қылмыстық істі полиция тоқтатып тастаған.
Құқық қорғау органы ересек адамның баланы ұрғанын растаған, бірақ жасөспірім арыз беруден бас тартыпты. Шағым болмаған соң іс жабылған.
Балаға озбырлық танытқан ер адамның өзі кінәсін мойындамаған. Айтуынша, ол баламен ойнапты, ал басқалар бұл жағдайды теріс түсініпті. Сондай-ақ баланың оны «Гитлер», «фашист» деп атап шамына тигенін айтқан. Жасөспірім оның сөзін растаған.