Астанадағы алаяқтар бір интернет-дүкеннен 2000 адамның жеке мәліметін сатып алған (ВИДЕО)
Осылайша алаяқтар осы адамдардың әрқайсысына қоңырау шалған
Астана полициясы қазақстандықтардың жеке деректерін сатып алып, оларды алдаған алаяқтардың call-орталығын анықтап, жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Анықталғандай, бұл топ интернет дүкендердің бірінен 2000 адамның жеке мәліметтерін сатып алған.
«Киберқылмыспен күрес басқармасы жүргізген шараның арқасында автокөлік пен жылжымайтын мүлік ұтысын пайдаланып, азаматтарды алдаған бес адамнан тұратын топ ұсталды. Қылмыстық әрекет жасаған күдіктілер интернет-дүкендердің бірінен 2000-нан астам қазақстандықтың жеке деректерін қамтитын клиенттік базаны сатып алған. Алаяқтар жұмыс кеңсесін қаладағы бизнес-орталықтардың бірінен жалға алып, жас азаматтарды жұмысқа тартқан. Ал ол жастар абоненттерге тізім бойынша қоңырау шалып отырған», - деп хабарлайды полиция.