Астанада биік үйдің 12-қабатынан 40 жастағы әйел құлап кетті

Автор: Темірхан Айжан

Әйел сол жерде көз жұмған 

Фото: скрин

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан әйелдің денесі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қайтыс болған әйелдің жасы 40-та. Алдын-ала деректер бойынша, ол 12 қабаттан құлап кеткен.

Полиция адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақатта қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр.