03.04.2025, 11:16
Оқиғалар
Перизат Қайрат тергеуде жауап беруден бас тартып, бірнеше адвокат ауыстырған
Іс материалдарының көлемі 180 томға жеткен
Фото: https://www.instagram.com/01pk/
ҚМА төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат тергеуде жауап беруден бас тарту құқығын пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Перизат өзі кінәсін мойындамай отыр. Оның анасы қылмыстық кодекстің 190-218 баптары бойынша айыпталып отыр. Ол қазір үйқамақта. Іс аяқталып, қазір материалдар зерделеніп жатыр», - деді Жеңіс Елемесов Сенаттың жалпы отырысының кулуарында.
Оның айтуынша, күдіктіде жауап беруден бас тартуға құқығы бар.
«Ол осы құқықты пайдаланып, жауап беруден бас тартқан. Оның осыған дейін бірнеше адвокаты ауысты. Қазір басқа адвокаты бар. Мүлікті санамаған кезде, оның 180 томдық ісі бар», - деді ол.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды