$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Мұндай проблеманы білмеймін - министр Мәдиев депутат Әбеновтің сөзін жоққа шығарды

Мұрат Әбенов алаяққа қарыз беретін банктер - олардың сыйбайластары деген болатын 

Мұндай проблеманы білмеймін - министр Мәдиев депутат Әбеновтің сөзін жоққа шығарды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мұрат Әбенов алаяқтардың банк қосымшалары арқылы азаматтарды тонап жатқанын айтып, цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке сын айтқан еді. Депутаттың сөзінше, банк қызметкерлері алаяқтармен сыбайласып, оларға несие алып беріп отыр. Сондықтан банктерге берілген құқықтарды шектеп, бақылауды күшейту керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Азаматтарға несиені тек бір нөмір арқылы беру керек. Көп алаяқ біреудің атынан басқа нөмірмен несие алады. Банк қызметкерлері алаяқтармен сыбайласады. Міне, осындай жағдай болмау үшін нақты қадағалау керек», - деді Мұрат Әбенов.

Депутат алаяққа ақша берген банктің өзі қарызды өтесін дейді. Өйткені банк ЭЦҚ-ның азаматқа нақты тиесілі екенін тексермей жатып, қарызды бере салады. Мұның бәрі цифрлық министрліктің жұмысының олқылығынан болып отыр.

Алайда министр Жаслан Мәдиев депутат айтқан мсәселені жоққа шығарды, себебі мұндай жағдай оның басынан өтпепті.

«Бұл проблеманы білмеймін, көрген жоқпын. Өзім банктің мобильді қосымшасын пайдаланамын», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары