Таиландта Қазақстанның туристері мінген қайық жарылып, түгі қалмай жанып кетті

Автор: Темірхан Айжан

Бір адам күйіп қалды 

Фото: mgronline.com

Қазақстан мен Ресей азаматтары мінген катер Пхукет провинциясында Майтон аралында жарылып, өртке оранған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТАСС-қа сілтеме жасап. 

Катерге барлығы 31 турист отырған. Жарылыс болған кезде 30 адам суда шомылып жүрген, ал Ресей азаматы қайықта отырған. Ол жеңіл күйік алған. Зардап шеккен адамдар ауруханаға түсті.

Таиланд полициясының мәлімдеуінше, 30 адамның денсаулығы жақсы, ешкім жарақат алмаған.