Зардап шеккендер жоқ
Көкшетаулық өрт сөндірушілер өткен тәуліктен бері «Экодам» қоқыс полигонында тұтанған өртті сөндіре алмай жатыр. Өрттің басталғаны туралы хабарлама 1 маусым күні сағат 15:16-да түскен. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісі хабарлайды.
«Экодам» қоқыс полигонынының отқа оранғаны туралы хабарлама 1 маусым күні сағат 15:16-да түскен. Красный Яр селосының іргесіндегі қоқыс полигонында тұтанған өртке бірден жеттік. Бірден күшейген тілсіз жау 290 шаршы метрді алып кетті. Төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы мен Көкшетау техникалық сарбаздарының 20-дан астам қызметкері, сондай-ақ «Экодам» ЖШС жұмысшылары, жергілікті атқарушы органдар мен «Алтынтау Көкшетау» АҚ өрт сөндіру жұмыстарына көмек беруде. Екі тәулік бойы өрт сөндіру жалғасып жатыр. Зардап шеккендер жоқ», - деді Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Максим Шатковский.
Полигонда болған өрт елдімекендерге қауіп төндіріп тұрған жоқ.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы