Өзбекстандағы мешітте газ жарылды - жараланғандар бар

Автор: Темірхан Айжан

Оқиға кезінде 6 тұрғын зардап шеккен 

Фото: Telegram_Yulduzlari| Расмий канал

Әндіжан облысындағы «Ахмадәлі Қожа» мешітінде жарылыс болып, 6 адам жараланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy repost- қа сілтеме жасап.

Ізбасқан ауданындағы Мырза Ұлықбек махалласының жанында орналасқан мешітте газ жарылысы болған.

Оқиға орнына облыс басшылары мен жауапты адамдар келген.