ШҚО-да белгісіз біреу жас жұбайларды пәтерінде өлтіріп кеткен

Автор: Темірхан Айжан

Олардың екі баласы бар 

Фото: freepik

21 наурызда Риддерде жас ерлі-зайыптыны өлтіріп кеткен. Олардың екі баласы жетім қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy yk-news-ке сілтеме жасап.

Алдын-ала деректерге сай, қанды оқиға отбасының пәтерінде болған. Қазір күдікті ұсталып, қылмыстық іс қозғалған.

«Күдіктіге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды», - деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.