Қарағандыда екінші қабат терезесінен 1 жасар сәби құлап кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста жыл басынан бері 9 бала терезеден құлаған

Оқиға 1 маусым күні Қарағандыдағы Перронная көшесінде орналасқан көпқабатты үйде болған. 2-қабаттағы ашық терезеден 1 жасар қыз бала құлап, ол дереу ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сәбидің жай-күйі әзірге белгісіз. Мамандар болса өңірде балалардың қараусыз қалып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталатын кездері жиілеп кеткенін айтып отыр. Жыл басынан бері 9 бала терезеден құлап кетіпті. Оқиғалар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалаларында және Сарышаған кентінде тіркелген.

Тегтер: