Шымкент қаласында тағы 18 адамнан коронавирус анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте Шымкент қаласында 18 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 18 тұрғынынан COVID-19 вирусы анықталды. Олардың 7-уі  вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 6-уы ЖРВИ және пневмония диагноздарымен стационарға  жатқызылыған, 1-еуі ақылы түрде қаралған, 1-еуі стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілген, 3-еуі скрининг нәтижесінде анықталған», - делінген хабарламада.

Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1 мамырдағы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 885 адам тіркелген, олардың ішінде 315 науқас сауығып шыққан.