Балқашта үйдің балконы опырылып, ерлі-зайыптылар қатты жараланды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Қарағанды облысы Балқаш қаласының Шашубай  кентінде тіркелген

Фото: ашық дереккөзден

Балқашта ескі үйдегі пәтерлердің бірінде балкон құлап, ерлі-зайыпты екі адам жарақат алды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Шашубай кентінде тұратын 46 жастағы адам қазір реанимацияда жатыр. Телеарнаның мәліметіне сүйенсек, ер адамның миы шайқалып, бауыры сөгіліп кеткен. Ал, оның 36 жастағы әйелі қолын сындырып, травматология бөліміне түскен.

«Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Тұрғын үй өте тозғаны көрініп тұр. Сондықтан, бұл оқыс оқиға болуы әбден мүмкін», - деп хабарлайды КТК-ның жаңалықтар қызметі.