$ 503.42  542.08  6
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбыл облысында үш сиыр ұрлаған төрт жігіт 9 жылға сотталып кетті

Олар сиырдан бөлек, жылқы және ұялы байланыс мұнараларын да тонап келген

Жамбыл облысында үш сиыр ұрлаған төрт жігіт 9 жылға сотталып кетті
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Жамбыл облысында 3 сиыр ұрлаған үш жігіт 7 жылдан 9 жылға дейін аралықта түрмеде отыратын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысының прокуратурасы былтыр маусымда болған қылмыс аймақта тіркелген бірнеше қылмыстың бетін ашты дейді. Дереккөзге сүйенсек, Байзақ ауданында төрт адам топтасып, далада жайылып жүрген малдарды ұрлап, пайда тапқан. Мал ғана емес олар арасында ұялы байланыс мұнараларына шығып, қымбат құрылғыларды да қолды етіп жүрген екен.

«2024 жылдың сәуір айында бір фермер Байзак аудандық полиция бөліміне жалпы құны 10 миллион теңге болатын 18 бас жылқы ұрлығы туралы шағым түсірген. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанымен, күдіктілердің кінәсін дәлелдеу қиын болды. Себебі тергеу барысында куәгерлер, қылмыстың іздері немесе басқа да маңызды дәлелдер болған жоқ. Бірақ, Байзақ ауданының прокуратурасының арқасында полиция қызметкерлері 4 адамнан тұратын мал ұрлаған топты анықтады. Осы жылқыларды ұрлағандарды іздеген полиция  2024 жылдың маусым айында 3 сиыр ұрлаған төрт адамның үшеуін тауып, кім екенін анықтаған. Артынша олар ұрланған малды қайда сойып, қайда сататыны да табылды», - деп жазады прокуратура.

Бұдан өзге, бұл азаматтар облыстың әртүрлі аудандары мен елді мекендерінде тұрған ұялы байланыс мұнараларын да тонағаны анықталған екен.

«Олар құны 2,2 миллион теңге болатын 5 ұялы байланыс мұнарасының 36 батареясын ұрлағаны анықталды. Сот төрт адамның кінәсін дәлелдеп, оларды 7 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды прокуратура.

Серіктес жаңалықтары