Қарағандыда 60 жастағы ер адам балаларды зорлап, порнография түсірген - оған қыздарды аналары сатқан (ВИДЕО)

Автор: Темірхан Айжан

Ол балаларды аналарынан сатып алған

Фото: Freepik

Қарағанды облысында 60 жастағы ер адам кәмелетке толмаған балаларды зорлап, порнографиялық материалдар түсірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның хабарлауынша, ол жас балаларға зорлық көрсетіп, оларды видеоларға түсіру үшін аналарына ақша беруге келіскен. 

«Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі (кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және ҚК-нің 135-бабы (кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлайды полиция.