Меркі балабақшасында 10 сәби уланып ауруханаға түсті, бір бала есін жия алмай жатыр

Автор: Темірхан Айжан

Біреуі есін жимаған 

Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы «Нұрай» бөбекжай бақшасының 10 тәрбиеленушісі уланып қалған. Оладың бәрі ауруханаға түсті, бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

9 балада жіті ішек инфекциясы, 1 балада энтеровирусты инфекция диагнозы анықталған.

​​​Аурудың неден шыққаны анықталуда. Меркі аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын бастаған. Бөбекжай екі күнге карантинге жабылды.