$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Израиль Газаға тағы да әуеден бомба тастады

130 палестиналық қаза тапты 

Израиль Газаға тағы да әуеден бомба тастады
Фото: AP/Fatima Shbair

Израиль Газа секторына тағы да оқ жаудырды, салдарынан кемінде 130 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.

Израильдің қорғаныс күші «ХАМАС-қа тиесілі лаңкестік нысандарын жойып жатырмыз» деп түсіндірген. Бұл 19 қаңтарда Газадағы соғыс өртін өшіру туралы келісімнен кейінгі ең ауыр әуе соққыларының бірі болып отыр. Газада соғысты тоқтату келісім оң нәтижесін бермеді. Куәгерлердің сөзінше, Рамазан айында ораза ұстағандар таңғы уақытта тамақтанып отырған, сол кезде әуе соққылары жасалған. 20 шақты әскери ұшақтар келіп, Газа, Рафах, Хан-Юнис қалаларына бомба тастап кеткен.

Дегенмен ХАМАС соғыстың қайта тұтанғаны туралы мәлімдеме жасамады, оның орнына БҰҰ мен бітімгерлерді араласуға шақырды.

Бітімгерлер 1 наурызда уақытша келісімнің бірінші кезеңі аяқталғаннан кейін, алдағы уақытта келісімді ұзартудың амалын табуға тырысып жатыр.

АҚШ бірінші кезеңді сәуірдің ортасына дейін ұзартуды ұсынған, ХАМАС пен Израиль тұтқын алмасуды жалғастыру керек.

Еске салсақ, Газа секторында соғыс басталғалы 48 520 адам қаза тапты, оның көбі бейбіт халық. Газаның 2,1 млн халық бірнеше рет жер аударылды. Ғимараттардың 70 пайызы бұзылған.

Серіктес жаңалықтары