Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлеріне адамдарды азаптады деген айып тағылды

Автор: Azattyq Rýhy

Агенттік қызметкерлеріне тергеу кезінде адамдарды қинау, азаптау фактісі бойынша бірнеше айыптаулар ілінді деп хабарлайды Azattyq Ruhy  ҚР ІІМ баспасөзіне сілтеме жасап.

24 қазан күні ІІМ-нің қоғамдық қабылдауына келген ШҚО-ның екі тұрғыны өздеріне көрсетілген азаптаулар жайында айтқан. Полицейлердің мәліметінше, аталған дерек бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің ШҚО бойынша өкілдігінің 4 қызметкері ұсталған. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы, 2-тармағының 1-бөлігіне (Азаптау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталыпты.

Алдын ала болжам бойынша, жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мамандары азаматтарды тергеу кезінде заңсыз әрекеттерін бірнеше рет қолданған.