17.03.2025, 16:58
Оқиғалар
Шұғыл: Шымбұлақта қар көшкіні жүрді, жараланғандар бар
Бірақ, дәл неше адамның зардап шеккені туралы ақпарат жоқ
Фото: instagram.com/109_almaty/
Бүгін түскі сағат 14:57-де Шымбұлақ тау-шаңғы демалыс орнының диспетчері солтүстік Талғар ауданында қар көшкіні жүргенін хабарлаған. Алматы қаласының құтқару қызметі жараланған адамдар бар екенін мәлімдеп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алдын ала болжам бойынша жараланғандар бар, бірақ, олардың нақты саны мен дәл қандай жарақат алғаны белгісіз», - деп жазды құтқару қызметі.
Әуел баста оқиға орнына бес құтқарушы мен бір құтқару техникасы аттанған. Кейін тағы бір техника мен кинологтар жөнелген. Құтқару операциясы жалғасып жатыр.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды