17.03.2025, 15:32
Оқиғалар
БҚО-дағы Шідерті өзені арнасын асты: бір көпірді су шайып кетті (ВИДЕО)
ТЖМ жағдай бақылауда дейді
Бүгін, 17 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында қар қатты еріп, Шідерті өзені арнасынан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
ТЖМ-ның мәліметіне сүйенсек, Ақсай-Жымпиты автожолының 27-ші шақырымында, Аралтөбе ауылының жанындағы уақытша көпірдің айналасын су шайып кетіпті.
«ТЖМ жағдайды бақылап отыр. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция департаменті қызметкерлері кезекшілік атқарып жатыр. Тұрғындарға хабар бердік, елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ», - деп хабарлайды ТЖМ.
Көп оқылған
20.11.2026, 11:28
«Арасында доллар да бар»: Атырауда ойнап жүрген бір топ бала көшеден өте көп ақша тауып алған
20.11.2026, 13:08
Телефонын тартып алып, үш жыл бойы қорлаған: келінін өлімге жеткізген ене бес жылға сотталды
20.11.2026, 08:26
Тірідей өртеніп кеткен: Шымкентте бензовоз жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер белгілі болды
20.11.2026, 15:41
Бес айлық сәбиді өлтірген қылмыскер әлі табылмады: полиция расымен видеоны өшіруді талап еткен бе
