Қазір төтенше жағдай министрлігінің әскери бөліміндегі қызметкерлер облыста жүр
Батыс Қазақстан облысының үш ауданында қаптар төселіп, қар тазаланып жатыр. Облыста күн жылынып, су тасқыны қауіпі артқан, деп жазады Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілері Бәйтерек, Сырым және Қаратөбе аудандарының айналасына қап төсеп жатыр.
«Осы уақытқа дейін өңірде 935 000 текше метрден астам қар тазаланды, 160 000 текше метрден аса су сорылды. Жалпы ауданы 3 900 шаршы метр учаскеде мұз қабаттары жасанды жолмен жарылды», - деп хабарлады ТЖМ.
Қазір құтқарушылар облыстағы өзен суларының деңгейін тәулік бойы бақылап отыр.