Сауда орталығынан құлаққап ұрлаған адам 1 жылға сотталып кетті

Автор: Темірхан Айжан

 Үкім заңды күшіне енді

Фото: istockphoto.com

Елордадағы сауда ойын-сауық орталығының бірінен 178 мың теңге тұратын құлаққапты ұрлаған ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты А.-ға қатысты айыптау үкімін жариялады. Сотталушы жасаған ісіне өкінген. Ол кішкентай баласының барын айтқан.

Сот үкімімен сотталушы А. ҚК 188-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
 

Тегтер: