Екі қыз қатарластарына буллинг көрсеткен
Орал қаласында екі жасөспірім қыз көшеде қатарластарын ұрып-соққан. Патрульде жүрген Ұлттық ұлан сарбаздары зәбір көріп жатқан қызды құтқарып, анасына тапсырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ал, буллинг жасаған екі қызды құқық қорғау органдары алып кеткен.
«Біз қызды көріп, оған көмек қажет екенін бірден түсіндік. Балалар арасындағы дау төбелеске айналған. Біз дереу орталарына түсіп, жағдайды реттедік», – дейді қатардағы сарбаз Ғаламат Нұрберген.
Буллингке ұшыраған қыздың анасы Татьяна Ефремова егер ұландықтар көмекке келмегенде жағдай бұдан да қиын болар еді деген пікірін айтқан. Ол 5517 әскери бөлімінің сарбаздарына шын жүректен алғыс айтқан.