Ұзынағашта қар еріп, ауыл көшелерін су басып қалды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Коммуналдық қызмет өкілдері суды бір күн бойы тазалаған

Фото: скриншот

Алматы облысы Ұзынағаш ауылында қар еріп, ауыл көшелерін су басып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметіне сүйенсек, бүгін, 6 наурыз күні аймақта күн жылынып, қар еріген. Су көшелерді басқан соң жол қызметкерлері арық қазып, қардың суын өзенге қарай ағызған.

Ауыл арасында көліктер жүре алмай, әбігерге түскен.