Астанада үйінің тоғын тексермей, бір бөлмесін жалға берген әйел 5 жылға сотталып кетті

Автор: Бақыт Шынар

Өйткені, өрт салдарынан үш адам бақилық болған

Фото: istockphoto.com

Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты есігінің алдындағы «времянканы» жалға берген әйелді бес жылға соттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Соттың ақпаратына сүйенсек, азаматша үйінің бір бөлмесін жалға берген екен. Бөлме ішіндегі тоқ нашар болған, сондықтан, былтыр маусым айында диванға шоқ түсіп, өрт шыққан. Өрт салдарынан бір бала мен екі ересек қаза тапқан.

Сотта әйел өз кінәсін мойындаған әрі өкініш танытқан.

«Сот әйелдің шын жүректен өкінгенін, жәбірленуші тарапқа моральды шығын өтеп бергенін, өзінің де жас баласы бар екенін ескеріп, оны 5 жыл бас бостандығынан айырды», - деп хабарлайды Астана соттары.