Бұл туралы бүгін қала әкімінің орынбасары мәлім етті
Астанадағы ақылы автотұрақтар 2025 жылғы 1 маусым күні қала әкімдігінің балансына өтеді. Бұл туралы бүгін Мәжіліс кулуарында Azattyq Rýhy тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев мәлім етті.
«Мүлік бар, істейтін-істемейтін паркомат бар, соларды түгендеп алуымых керек. Астана әкімдігі ақылы автотұрақтарға ешқандай қаражат құйған жоқ. Тұрақ ақысы 100 теңге болды, оның 25 пайызы мемлекетке, 75 пайызы жеке компанияға түсті. Айыппұл толығымен мемлекетке түсті. 2018 жылдан бастап мемлекетке 5 млрд теңге шамасында, ал жеке компанияға 500 млн теңге шамасында қаражат түсті», - деп хабарлады ол.
Айта кетейік, бүгін ол сондай-ақ болашақта қала аумағында ақылы автотұрақтар көбеюі мүмкін екенін де айтқан болатын.