Олардың әрқайсысы 10 күн әкімшілік қамақта отыратын болды
Алматы облысы Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы әскери бөлімге барып, көшпелі сот отырысын өткізді. Ол әскери бөлімге телефон алып кірген үш сарбаздың ісін қараған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екі сарбаз Әкімшілік құқық бұзутуралы кодекстің 652-бабының 6-бөлігі бойынша тәртіп бұзды деп айыпталған.
«2025 жылдың 11 қаңтары күні сағат 14:00 де екі сарбаз әскери бөлімше аумағына өздерінің мобильді смартфондарын жасырын түрде кіргізіп, жеке мақсатта пайдаланған. Сол арқылы олар әскери бөлімінің командирінің «Әскери бөлімнің аумағында жеке пайдалануға арналған техникалық құралдарды қолдану ережелерін бекіту» туралы №865 бұйрығын орындамаған», - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.
Бүкіл қатарластары мен басшылығының алдында істері қаралған екі сарбаз кінәларын толық мойындаған, бұйрықты орындамағанын растаған.
Сот істі қара келе екі сарбаздың әрқайсысын 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын кескен. Қаулы заңды күшіне енді.