Көкшетаудың қақ ортасында жантүршігерлік жол апаты болды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Апат салдарынан жолда кетіп бара жатқан жаяу әйел жарақат алған

Фото: скриншот

Бүгін, 3 наурыз күні Көкшетау қаласының қақ ортасында Mercedes және «ВАЗ-2107»  маркалы екі көлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті. Жарақат алғандардың арасында жаяу кетіп бара жатқан бір адам бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көліктер Әуелбеков-Тәшенов көшелерінің қиылысында соқтығысқан. Жедел жәрдем бір көліктегі екі әйелді, көше бойында жаяу кетіп бара жатқан тағы бір әйелді ауруханаға апарған.

«Сондай-ақ, 2015 жылы туған он жасар қыз бала да ауруханаға түсті», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.

Осы апатқа байланысты сотқа дейінгі тергеу басталған.