Оларды жерлеуге көмек көрсетеді
Маңғыстауда тұтас бір отбасының қазасына не себеп болғанын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жер үйде бір үйдің жеті адамы қаза тапқан. Болжамды себеп – газдан улану.
Құтқарушылар үйден 5 бала, 2 ересек адамның денесін тапқан. Олардың Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды.
«Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады. Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетеміз», - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.