26.02.2025, 10:25
Оқиғалар
Жүксалғышқа салып алған: Шымкентте адам ұрламақ болғандар ұсталды
Оларды көшеде өтіп бара жатқан адам камераға түсіріп алған
Фото: скриншот
Шымкентте бір топ жігіт адам ұрламақ болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеода олар ер адамды ұрып-соғып көліктің жүксалғышына салып алады. Кейін сол жердегі адамдар төбелеске араласпақ болғанмен, көлік жүріп кетеді.
«Әлеуметтік желіде ер адамға қарсы қылмыстық әрекеттерге қатысты видео тарады. Осыған қатысты полиция қызметкерлері дереу әрекет етті. Барлық қатысушылардың жеке басы анықталды, көлік табылды, екі күдікті ұсталды», - деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күдіктілер тергеу изоляторына қамалған.
Көп оқылған
16.08.2026, 06:21
Қостанайда жүзе алмаған әке қызын құтқармақ болып қаза тапты
16.08.2026, 16:06
17 тамыз күні ауа райы қандай болады
16.08.2026, 16:37
БҚО-дағы Ми-8 тікұшағының апатына қатысты іс сотқа жолданды
16.08.2026, 10:38
Астана – Щучинск тасжолындағы апат: жүргізуші жолда ұйықтап кеткен
16.08.2026, 08:47
Конгода Эболадан әр 30 минут сайын бір адам көз жұмады
16.08.2026, 15:06
Ақтөбе облысында бұзылған автобустан 14 жолаушы эвакуацияланды