Семейде бір топ оқушы жабылып ұрып, қорлаған баланың көпбалалы отбасынан шыққаны анықталды

Автор: Темірхан Айжан

Отбасы пәтер жалдап тұрады 

Фото: Абай облысының білім басқармасы

Семейде оқушылар жабылып тепкілеп, мүшеқап үрлетіп қорлаған ұл бала көпбалалы отбасынан шыққан. Бұл туралы Абай облысының Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Эльзира Жүнісова жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен баланың үйіндемін, психологтар жұмыс істеп жатыр. Отбасында 5 бала бар. Олар: 18, 14, 11, 10 және 8 жаста. Отбасы пәтер жалдап тұрады», - деп жазды үәкіл.

Еске салсақ, Семейде бір топ жоғары сынып оқушылары өздерінен кіші баланы жабылып тепкінің астына алған, онымен қоймай мүшеқап үрлетіп, қорлап, видеоға түсірген.

Қазір полиция болған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысқандардың барлығы анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.