Ресми: АЭС Алматы облысының Жамбыл ауданында салынатын болды

Автор: Темірхан Айжан

Бүгін премьер-министрдің қаулысы күшіне енді 

Фото: freepik

Атом электр станциясы Алматы облысының Жамбыл ауданында салынады. Бүгіннен бастап премьер-министрдің қаулысы ресми күшіне енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы облысының Жамбыл ауданы – «Атом электр станциясы» ядролық қондырғысы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген Олжас Бектеновтың қаулысында.

Еске салсақ, Үкімет басшысы қаулыға 2024 жылы 30 желтоқсанда қол қойған еді.