25.02.2025, 15:17
Оқиғалар
Ербаян Мұхтардың ісі бойынша күдіктілер әлі анықталмаған
Тергеу жалғасып жатыр
Фото: Instagram/inga_imanbay
Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сарбаз Ербаян Мұхтардың ісіне қатысты мәлімет айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазіргі таңда сарбаз Ербаян Мұхтардың ауыр жарақат алуына қатысты жедел тергеу операциялары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалған. Олардың нәтижесі бойынша шешім қабылданады. Тергеу жалғасып жатыр. Бүгінде іс бойынша күдіктілер анықталған жоқ», - деді ол.
Қазиев Ұлттық ұлан сарбаздың ата-анасымен үнемі байланыста екенін айтты.
Ұлттық ұлан өкілдері сарбаз дәретханада құлап, жарақат алғанын мәлімдеген еді. Алайда оның ата-анасы бұл нұсқаға сенбейді. Ербаян Мұхтар 2023 жылдың желтоқсанында ауруханаға түскен, оған 5 рет ота жасалды.
Көп оқылған
01.10.2026, 09:38
Ақтауда бір топ полицей түнгі клубтардың бірінде алаңсыз жүрген жас жігітке тап берді (ВИДЕО)
01.10.2026, 09:35
«Жалаңаяқ қыз» әнінің бағын ашқан танымал әнші өмірден озды
01.10.2026, 16:20
Ұлдананың анасы да, оның отбасы да Әділет Зейнелді жәбірленушілер қатарынан көргісі келмейді – адвокат
01.10.2026, 14:18
Астанада блогер Ерболат Жанабылов әйелімен жанжалдасқаннан кейін қамалды
01.10.2026, 17:31
«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
02.10.2026, 00:37
«Төрт жыл күрескен»: Танымал тележүргізуші қайтыс болды