Су қоймасының көлемі 319 млн шаршы метр
Ұлытау облысындағы Кенгір су қоймасы «Kazakhmys Distribution» ЖШС балансында болған, деп хабаралайды Azattyq Rýhy.
«Кеңгір су қоймасы - энергетика және ирригация саласында судың басты реттеушісі. Ол 1952 жылы салынған (319 миллион шаршы метр) және оның гидротехникалық құрылыстары стратегиялық объектілер катарында, демек мемлекет меншігінде болуы тиіс», - деп жазды прокуратура.
Су қоймасын қайтару үшін сыйға тарту шарты жасалып, объектіні беру актісіне қол қойылған.
Енді уәкілетті органдар оларды жаңғырту жөнінде одан әрі шаралар қабылдау мақсатында су қоймасы мен оның гидротехникалық құрылыстарына көп факторлы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет.