«Рэкетир 3» фильмі 13 ақпанда прокатқа шыққан
Қырғызстанда «Рэкетир 3» фильмі прокаттан алынды. Бұл туралы «Синетамика» кинотеатрлар желісі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Фильмнің неге қырғыздарға көруге болмайтынының нақты себебі айтылмаған.
«Құрметті көрермендер, «Рэкетир: жаңа кезеңдер» фильмі елдегі бүкіл кинотеатрдың прокатынан алынды. Билет ақысын қайтарып алу туралы кинотеатрдың әкімшілігімен сөйлесіңіздер», - деп жазылған жазбада.
«Рэкетир 3» фильмі 13 ақпанда көрерменге жол тартты. Алғашқы аптада 657,9 млн теңге табыс тапқан.