Полиция оны ұстады
20 ақпанда Чехияның Градец-Кралове қаласындағы супермаркетте 16 жастағы жасөспірім екі әйелге пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Известия» басылымына сілтеме жасап.
Жарақат алғандар ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер олардың өмірін сақтап қала алмады.
Чехиялық Novinky.cz порталының мәліметінше, оқиға таңертең сауда орталығында болған. Полиция күдіктіні қашып кетпек болған жерінен ұстап, қазір оның әрекетіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Құқық қорғау органдары шабуылдың себебін анықтап жатыр.