Құтқарушылар Ақжар көлінің маңынан қалың қарға малынған адамды аман есен тапты
Қостанай облысы Арқалық қаласының маңындағы Ақжар көлінен балық аулаған бір балықшы иен далада адасып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Балық аулауға бірнеше адам шыққанымен, арасында егде жастағы ер адам оларға ере алмай, жалғыз адасып кеткен. Жолдастары балықшыны өздері таба алмайтынын түсінген соң 112 нөміріне қоңырау шалған.
Оқиға орнына аттанған құтқарушылар жол талғамайтын үлкен көлікпен өзен жағасын аралап, ер адамды тауып алған.
«Құтқарушылар бірден ер адамды жылытып, жылы шай беріп, елді мекенге жеткізді», - деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.