$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.10.2019, 17:21
Оқиғалар

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде ер адам өзінің 1 жасар сәбиін өлтірген

Болжам бойынша, күдікті өз әйелімен жанжалдасқан

Алматыдағы қонақ үйлердің бірінде ер адам өзінің 1 жасар сәбиін өлтірген

Алматыда ер адам өз баласын тұншықтырып өлтірген деген күдікпен қамауға алынды. Оқиға қаладағы бес жұлдызды қонақ үйлердің бірінде болған. Адам өлімі бойынша тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Алматылық полицейлердің айтуынша, нәресте әлі 1 жасқа да толмаған екен. Қонақ үй бөлмелерінің бірінде болған отбасылық жанжалдың кесірінен әкесі балаға қол салған деген болжам бар.

«Қонақ үйдің номерінде ерлі зайыптылар арасында түсініспеушілік болған деп ойлаймыз. Біз баланың ес-түссіз жатқанын көрген сәтте жедел жәрдем қызметін шақырдық. Дәрігерлер келген соң реанимациялық шаралар жасап, сәбидің жүрек соғысы қалпына келгенін айтты. Алайда, біз оның ауруханада шетінеп кеткенін естідік», - дейді Алматы Интерконтиненталь қонақ үйінің сату және маркетинг бөлімінің директоры Әлия Дәулетова. 

Күдікті адам өлтіру дерегі, яғни қылмыстық қодекстің 99-бабы негізінде тергеуге алынды. Полиция оны уақыттша оқшаулау изоляторына қамаған. Сот-медициналық сараптама нәрестенің неден көз жұмғанын анықтайтын болады, деді қалалық полиция департаментінің өкілдері. 

Ришат Асқарбекұлы, Алматы 

Серіктес жаңалықтары