Түркістанда тойға бара жатқан төрт бірдей Toyota Аlphard-тың иелері көліксіз қалды (ВИДЕО)
Олардың көліктерін полиция айып тұрағына алып кетті

Түркістан қаласындағы тойлардың бірінде кортеж жасаған төрт бірдей «Toyota Аlphard» және бір «Mercedes-benz» көлігін полиция айып тұрағына алып кетті, деп жазады Azattyq Rýhy
Түркістан облысының полиция департаменті хабарлағандай, көлік жүргізушілеріне де айыппұл салынған.
«Нақтырақ айтсақ, полицейлер Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен Түркістан қаласындағы әуежайға қарай бағытталған трасса бойында «той кортежін» ұйымдастырған 4 бірдей «Toyota Аlphard» және 1 «Mercedes-benz» маркалы автокөлік жүргізушілерін тоқтатты. Полиция «маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін» және «авариялық жағдай тудырғаны үшін» оларға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Көліктер айып тұрағына кетті», - деп хабарлайды полиция департаменті.