Тергеу жұмыстары басталды
Әзербайжанның Загаталь ауданының Шамиловка орман алқабында 2022 жылдың 12 мамырында жоғалып кеткен Үндістан азаматы Кондавети Манигантының мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Загаталь полиция бөлімі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында марқұмның жеке заттары — қол жүгінің қалдықтары, банк карталары, ұялы телефоны және басқа да жеке заттары анықталды.
Табылған қалдықтар мен жеке заттар қажетті сараптамалар жүргізу үшін Загаталь ауданының прокуратурасына берілді.
Қазіргі уақытта аудандық прокуратура оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.