$ 488.53  531.91  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Орал әкімдігі көшелерді тазалау үшін 5,4 млрд теңгенің тендерін жариялаған

Прокуратура бұдан заңсыздық тауып, конкурсты өткізбей тастаған

Орал әкімдігі көшелерді тазалау үшін 5,4 млрд теңгенің тендерін жариялаған
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

2025 жылдың 15 қаңтарында Орал қаласының әкімдігі қаланың көше-жолы мен санитарлық иазалығын жүргізу үшін жалпы құны 5,357 млрд теңге болатын екі конкурс жариялаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасы бұған наразы шығып, конкурстың күшін жойды. Өйткені, әкімдік конкурсқа қатысамын деген компаниялардың жұмыс тәжірибесіне негізсіз талап қойған. Былтыр дәл осындай талаппен конкурс өткізген әкімдік бір компанияға 6 млрд теңге бөлген екен.

«Прокуратураның талабы бойынша БҚО Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментімен жүргізілген тергеу барысында Орал қаласының әкімдігі тарапынан бәсекелестікке қарсы іс-қимыл фактілері расталды.  Қорытындысы бойынша орган тиісті шаралар қабылдады», - деп хабарлайды БҚО прокуратурасы.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Орал #БҚО #тендер