Бұл тауардың болжамды құны – 187 млн теңге
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы Қарасау ауылының шекарасынан 535 мың қорап темекенің заңсыз партиясын тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Заңсыз тауар көрші елдерден ілеспе құжаты жоқ күйінде келген.
«Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады. Жүкті тиісті органдар алып кетті», - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.