$ 538.03  629.23  6.74
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Көкшетауда жамбасы мен иығын сындырып алған әже пәтерінде бір тәулік бойы жалғыз жатқан

Үйінде жалғыз тұратын  қарт кісі түнде құлап қалған екен

Көкшетауда жамбасы мен иығын сындырып алған әже пәтерінде бір тәулік бойы жалғыз жатқан
Фото: polisia.kz

Көкшетау қаласында тұратын 73 жастағы қарт әйел түнде пәтерінде құлап қалып, жамбасы мен иығын сындырып алған. Орнынан тұра алмай қалған ол бір тәулік бойы көмекке зар болып жалғыз жатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әйелдің бауыры Нұрбол Қабдинов оған қайта-қайта телефон соғып, жауап ала алмаған. Балаларына хабарласып, оларға да бармағанын білген. Пәтеріне келіп, есігін аштыра алмаған. Ақыры далаға шығып, көшеде келе жатқан Ұлттық ұлан сарбаздарын көмекке шақырған.

«Мен 73 жастағы әпкемнің туыстарына немесе балаларына бармағанын білдім, сондықтан үйіне келіп, жағдайын білгім келді. Бірақ есікті ешкім ашпады. Төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдемді күтпестен, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерінен көмек сұрауды жөн көрдім, – деді Нұрбол Қабдинов.

Ұлттық ұлан сарбаздары оқиғаны әскери жасақ кезекшісіне хабарласқан.  Оқиға орнына жедел жеткен кезекші Еркен Халиолин екінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, зейнеткердің еденде қозғалыссыз жатқанын байқаған.

«Анықталғандай, түнде әйел тепе-теңдігін жоғалтып, құлап қалған. Соның салдарынан жамбас және иық сүйектерін сындырып алыпты», - деп жазады polisia.kz.

Серіктес жаңалықтары