Бірінен кейін бірі өлген – Ақтауда екі адамның мәйіті табылды

Автор: Темірхан Айжан

Ақтаудағы 22-шағын ауданда түсініксіз жағдай болды 

Фото: скриншот

Ақтауда екі адам көз жұмды: біреуі пәтерінде өлі күйде табылса, оған күдікті ретінде көзге түскен екінші адам өзіне қол салған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті ақпарат құралының жазуынша, бүгін сағат 13.00 шамасында Ақтаудағы №31-үйдің қасына 10 полиция экипажы жиналған. Ресми органның хабарлауынша, пәтердің бірінде жарақаттары бар ер адам табылған, бірақ тілге келмей сол жерде көз жұмған. Полиция жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, бейнебақылау камераларын тексерген. Сол жерден күдікті ер адамның көлігіне мініп кетіп бара жатқаны көзге түседі. Құқық қорғау органдары оның тұратын жерін анықтап, іздеп барғанша күдікті өзіне қол жұмсап қайтыс болған.

«Осы факті бойынша ҚР ҚК 99 (кісі өлтіру) және ҚР ҚК 105 (суицидке дейін жеткізу) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән - жайлары анықталуда», - деп хабарлады полициядан.