Астана тұрғыны телефон арқылы 1 млн теңге алғызған алаяқты сотта жеңді

Автор: Темірхан Айжан

Алаяқ адамдарды алдап, ақшасын алып, криптовалютаға айналдырып отырған 

Фото: istockphoto.com

Елордалық Г есімді азаматқа өзін Ұлттық банктің қызметкері деп таныстырған адам хабарласып, оның депозиттік шотындағы ақшаны біреулердің шешіп алуға тырысып жатқанын айтады, хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол Г-ні 1 млн теңге көлемінде несие ресімдеуге, содан кейін ақшаны «қауіпсіз» шотқа аударуға көндірген. Абдырап қалған тұрғын оның бүкіл айтқанын орындайды. Ақша криптовалюта айырбастаумен айналысатын адамның шотына түскен.

Жауапкер сотта тек айырбастау операцияларын жүргізгенін айтқан. Оның айтуынша, ол Telegram арнасы арқылы жұмыс істейді. «Құрбандарынан» алған қаражатты криптовалютаға айналдырып, кейіннен белгілі бір «менеджердің» әмиянына аударады да, соның 1% -ын өзіне алып қалады.

Сот оның әрекетін заңсыз деп таныды және 1 млн теңген Г-ға қайтаруға міндеттеді.