Батыс Қазақстанда жол апатынан екі адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Төрт адам ауыр жарақат алды

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, төрт адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орал-Ақсай жолы бойында «Фольксваген Пассат» пен Оралға бара жатқан жеңіл жәрдем көлігі соқтығысты. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты. Ал Оралға емделуге бара жатқан әйел алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем көлігі ішінде көз жұмды», - деп жазылды хабарламада.

Төрт адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.